«Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында облыстық байқауы өтті.

«Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында облыстық байқауы өтті.

2023 жылдың 16-ақпанында «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі ақын, әдебиетші ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ұлт қайраткері Бүркіт Ысқақұлының шығармашылық мұрасын, өнегелі өмірін насихаттау, оқушылардың тұлға тану мәдениетін дамыту және ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында облыстық байқауы өтті.
Байқауға барлық аудан, қалалар мектептерінен іріктеуден өткен 3-11 сыныптар оқушылары қатысты. Қатысушылар саны барлығы 117.
Байқауға мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Уаш Нұрасыл қатысып, БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталды.
Жетекшісі Тажкеева С.М.