«Біз сендерді қолдаймыз»

«Біз сендерді қолдаймыз»

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарының негізінде арнайы педагог, логопед С.С. Мукашбекова мен педагог-психолог А.Тлеуберлинамен 5-6 сыныптар арасында «Біз сендерді қолдаймыз» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Мақсаты: Баланың жеке басы ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілеттеріне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, қолдау көрсете отырып, оның дамуына ерекше жағдай туғызу.
Міндеттері:
 Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмектесу,қолдау;
 Оқушыларың білімге деген қызығушылығын арттыру;
 Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды басқа оқушылардан бөлектемеу;
 Қарым қатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізу
Шеберлік сағаты барысында топтық жұмыс жасау платформалар тиімді іске асты және кері байланыс кезінде түтікшемен дұрыс тыныс алу, дем шығара арқылы көңіл-күй әсерлерін суретпен жеткізе білді. Оқушылар аса ұйымшылдықпен берілген тапсырмаларды белсенділікпен орындап, бір-біріне қолдау көрсетті.