Мектеп-лицейіміздегі 8-педагогикалық сынып оқушылары Жарылқаған Диар мен Ерболатұлы Ерхан 4 «А» сынып оқушыларымен робототехникадан шеберлік сабағын өткізді.
Мектеп-лицейіміздегі 8-педагогикалық сынып оқушылары Жарылқаған Диар мен Ерболатұлы Ерхан 4 «А» сынып оқушыларымен робототехникадан шеберлік сабағын өткізді. Бұл оқушылар VII Халықаралық ROBOLEND-2022, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің жүлдегерлері.
«Кегельринг» роботын құрастыру және бағдарламалауды оқушыларға көрсетіп, түсіндірді. Роботтың мақсаты-сақина шеңберінен кегельдерді аз уақыт ішінде итеріп шығу. Кегельрингке қатысу үшін робот ультрадыбыс және түс датчигімен жабдықталады екен.
Үлкеннің кішіге қамқорлығын, кішінің үлкенге ізетін сезіндірген ынтымақтастық сабағы 4 «А» сынып оқушыларына да қызықты болды.
«Дарынды балаға-талантты ұстаз» бола білген жетекшілері Ерсұлтан Беркінұлына еліктеу арқылы, педагогикалық сыныбымызда ер балалар саны артып келеді.