14.11.2022 ж. күні Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Таңшуақ» шағын орталығында «Кітап жәрмеңкесі» атты оқу сауаттылық апталығы бойынша төмендегі іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты:
тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмысты жандандыру
Іс-шараның міндеті:
Балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жаңарту арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылында балаларды кітапқа тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын дамыту;
«Қызғалдақ» ортаңғы тобында «Кітап-алтын қазына» тематикалық әңгіме жүргізілді.
«Түймедақ» ересек тобында «Кел, балалар оқылық!» атты бейнеролик көрсетілді.
«Раушан» мектепалды даярлық тобында Мнемокесте әдісі арқылы тақпақ жаттатқызылды.
О «А» мектепалды даярлық сыныбында Заманауи ертегілер желісі бойынша өз қиялдарынан ертегі құрастырды
О «Ә» мектепалды даярлық сыныбында шығармашылық дағдылары «Бетбелгі жасап» үйренді