15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен "Зерде бағыты" бойынша қалалық Ұланбасылар арасында "Ұлттық валюта тарихынан" атты іс-шара болып өтті.

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен

"Ұлттық валюта тарихынан" атты іс-шара болып өтті.
Шараның мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту. Дүниежүзі мемлекеттерінің валюталары, қолдану аясы, экономикалық терминдермен тереңірек таныстыру.
Шараға мектеп-лицейіміздің Ұланбасы 8В сынып оқушысы Айтқазы Даяна қатысты. Әлемдік валюталар оның ішінде Қытай валютасы - июань туралы өз кейсін сәтті қорғады.