Размер шрифта:

«Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкинг

«Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкинг

«Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында
педагогикалық сынып нетворкинг

2022 жылдың 21 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкингі онлайн форматта өтті. «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ педагогтері іс-тіжірибелерімен бөлісті. Семинарға 40 педагог қатысты.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерменбетова Г.О. бейіндік жобаның мақсат, міндеттері мен жүргізілу барысына тоқталды.
Психолог – Тлеуберлина А.Г. оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін зерттей отырып, мамандық таңдауға көмегін беретін сауалнамалар мен тренингтер жүргізілгенін атап өтті.
Мектеп-лицейіміздің кәсіби бағдарлаушы педагог- Алгадаева Г.С. жоба аясында жүргізілген жұмыстарға, яғни педагог мамандығына қызығушылығы бар оқушылармен еріктілер тобын жасақтап, алып асулар кішкентай қадамнан басталатынын ұғындыра отырып, қайырымдылық шараларға қатыстырады. Директордың кәсіби бағдар беру ісінің орынбасары Буденова С.К. мектеп-лицейдегі өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмыстарына тоқталды.
​Кәсіби бағдар беруге бағытталған мектеп-колледж арасындағы әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында мектеп-лицей оқушыларының ұстаз мамандығына деген уәжін оятуда Ә.мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық коллдеж директоры Е.М.Смагулов Педагогикалық білім беруді дамытудың жолдары туралы айтса, колледж оқытушысы П.Қ.Төлеген педагог мамандықты саналы түрде қабылдауға бағыттайтын, тұлға тәрбиелеу жолында ынтымақтаса, жүйелі, өнімді кәсіби бағдар беру жұмыстарын атап өтті. Ал, колледждің 4-курс студенті А.Қайдар «Мен мұғалім боламын» деген арманмен өскенін және сол арманы орындалып аз уақыттан соң мектепке барып, шәкірт алдында сабақ беретінін зор мақтанышпен айтты. Семинар соңында мектеп-лицейіміздің түлектері Кенжетаева Алтынай және Сергалиева Нұраймен «Жас өркен» жастар медиасының мүшесі 8В сынып оқушысы Болат Әминаның жүргізген сұқбаты көрсетілді.