Размер шрифта:

«Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығы - табысқа жету жолы» жетекші мектептің семинары.

«Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығы - табысқа жету жолы» жетекші мектептің семинары.

«Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығы - табысқа жету жолы» жетекші мектептің семинары.

Білімдегі жаңашылдықты одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру, жаңа талаптарға сәйкес жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру білікті педагогтердің міндеті болып отыр.
Кәсіби қоғамдастықтар арқылы білімдерін өздігінен жетілдіру мақсатында 2022-2023 оқу жылында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ -де жетекші мектептің жоспарына байланысты педагогтың үздіксіз білім беру аясында кәсіби дамуын зерттеу, мұғалімнің кәсіби өсу жүйесін ұйымдастыру, жоғары мәдениет, сапалы еңбек, үнемі білім алу, даму және үздіксіз шығармашылық ізденіс яғни, заманауи педагогтар қатарын көбейту міндеттерін іске асыруда өткізілген оқыту семинарының жалғасы ретінде 14 қазанда «Lesson Study-Сабақтағы зерттеу жұмысындағы іс-тәжірибемен бөлісу» семинарын өткіздік. Бұл семинарда биылғы оқу жылындағы мектепте зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан әріптестеріміз 7 зерттеу сабақтарын беріп, сабақты бақылауды, талдауды көрсетті. Бұл семинарға «Балқаш қаласының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ, "Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ серіктес мектептеріміздің мұғалімдері келіп қатысты. Тәжірибе таратудан әріптестікке көше отырып, педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін жаңа бағыттарды таңдау, іс-тәжірибе алмасу міндеттері іске асырылу керектігі айтылды.