05.09-16.09.2022 ж. аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының ұйымдастырумен «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында педагог-зерттеуші Буденова Салтанат Курма
05.09-16.09.2022 ж. аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының ұйымдастырумен «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында педагог-зерттеуші Буденова Салтанат Курмангалиевна тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Курстың мақсаты: жас мамандарға әдістемелік көмек, кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру, әдіс-тәсілдері оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану, өзін-өзі дамыту жолдарын үйрету, жас маманның кәсіби өсуіне қолдау көрсету, шығармашылықпен, жаңашылдықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеуге қабілетті маман дайындау. Курс барысында өзара тәжірибе алмасу, тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ процесінде қолдану, сабақты талдау, бағалау, жоспарларды құру, т.б. жұмыстар жүргізіліп, топпен жоба қорғалып, облыстық семинар ұйымдастырылды.