«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін құндылықтарға бағыттап оқыту» тақырыбындағы секциялық отырысы
2022 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған (Т1,Т2) «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін құндылықтарға бағыттап оқыту» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.
Бұл секциялық отырысқа мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып тұшымды ақпараттар алды.
Ашық алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, секциялық отырыста өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері сараланып, туындаған мәселелер талқыланды, даму перспективалары нақтыланды және көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.