«Білім беру сапасы үшін деректерді талдау және инклюзия» тақырыбында өткізілген республикалық тамыз конференциясы

«Білім беру сапасы үшін деректерді талдау және инклюзия» тақырыбында өткізілген республикалық тамыз конференциясы

15.08.2022 күні «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен «Білім беру сапасы үшін деректерді талдау және инклюзия» тақырыбында өткізілген республикалық тамыз конференциясын мектеп-лицей ұжымы, жас мамандар қатысып, тыңдады.
«Педагогтің құзыреттілігін арттырамыз - сапаны жақсартамыз» тақырыбындағы пленарлық отырыста оқытудың сапасын арттыруда педагогтерге арналған тиімді шешімдер қаралды.
«Мектеп басшысының аналитикалық жұмысы - сапаны басқару факторы» тақырыбындағы секция тырысында тақырыптық кейстер ұсыну арқылы анықталған кедергілерді шешу жолдары көрсетілді. Басты мақсаты-деректерді жинау және талдау арқылы оқытудың сапасын арттыруға көші болып табылады.
«Инклюзивті білім берудің идеялары мен практикалық шешімдері» отырысында инклюзивті білім берудің негіздері туралы баса айтылып,оқушылардың білім алу қажеттіліктерін іске асыруда саралау мен инклюзия ұғымдарын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жоспралаймыз, оқытамыз, дамытамыз!» тақырыбында педагогикалық-квест ойыны өткізілді. Ойын барысында жас мамандар өз пікірлерін ортаға салып, ынтымақтасқан ортамда белсенді жұмыс жасады.