БАСШЫ САҒАТЫ онлайн форматта

БАСШЫ САҒАТЫ онлайн форматта

10.08.2012 күні «Білімді ұрпақ-тұрақты даму кепілі» тақырыбында БАСШЫ САҒАТЫ онлайн форматта өткізілді. Барлығы 120 ата-ана қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ө. Ерменбетова 2022-2023 оқу жылына мектеп-лицейдің миссиясы, мақсаты, іске асыру бағыттарына тоқталды; Сонымен қатар мектеп формасына қойылатын басты талаптарды атап өтті.
Аз қамтылған және көп балалаы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатындағы дәстүрлі іс-шара «Мектепке жол» акциясы туралы мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогі М.Б.Исаинова толық ақпарат берді;
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс берілді.