Ата-аналар назарына!

Ата-аналар назарына!

Ата-аналар назарына!
Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады. Талдау көрсеткендей, облыста 2017 жылдан бастап мектеп оқушыларының 90%-дан астамы қою көк түсті мектеп
формасын киеді.
2022-2023 оқу жылына жолақтарсыз, торсыз, шотландкасыз қою көк түсті мектеп формасын сатып алуды ұсынамыз.
Қыз балалар үшін: ақ жейде, пиджак, белдемше (юбка) ұзындығы тізеден 5 см жоғары болмауы керек. Қыс айларында кең пішілген шалбар, ұзындығы
тобықты жауып тұру керек.Ұл балалар үшін: ақ жейде, пиджак, кең пішілген
шалбар (ұзындығы тобықты жауып тұру керек) Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілерін (эмблема, жапсырма, шеврон т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі.