«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыс ету салтанатты жиыны

«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыс ету салтанатты жиыны

16.06.2022 ж.
Мектеп-лицейіміздің түлектеріне арналған «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыс ету салтанатты жиыны өткізілді.
Алтын ұямыздың қабырғасынан 35 түлек мектепті сәтті аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. 11 "А" сынып оқушысы Разакова Аружан «Алтын белгі» иегері атанды.
Ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар ақ тілектерін түлектерімізге арнады.
Түлектерге ҰБТ-ны сәтті тапсырып, мемлекеттік грант иегерлері атануына тілектеспіз! Ақ жол, қымбатты түлектер!