14.06.2022.11сынып. Ата-аналар жиналысы.
2022 жылдың 14 маусымында 11-сыныпты аяқтап отырған түлектердің ата-аналарына тағы да ақпараттық түсіндірме профилактикалық мақсатта онлайн форматта жиналыс өткізілді.
Жиналыста:
«Түлек-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіру кеші.
ҰБТ-ға қатысу ережелері.
Жауапкершілік, қауіпсіздік, адалдық қағида - басты талап.
Жалпы білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиынның маусымның 16-сы күні мектеп-лицейдің мәжіліс залында сағат 12.00-13.00 де өтеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығына сәйкес үлгілі міне-құлық танытқан, 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған түлегіміз - Разакова Аружан Ибрагимкызы «Алтын белгі» аттестаты мен «Алтын белгі» белгісін дәлелдеді.
ҰБТ-ға дайындалу үшін түлектер бар күш-жігерлерін салып, алған білімдерін нәтижелі көрсету барысында қосымша бақылау тек ынталарын көрсетеді.
ҰТО-ның ҰБТ-2022 бейнежазбасын күнтізбелік жыл соңына дейін қарауға толық құқығы бар екені және түлектердің ғимаратқа кіргеннен бастап, ҰБТ-ны тапсырып болғанға дейінгі іс-әрекетітері бейнебақылауда болатыны;
Барлық бейнежазба талданып, ереже бұзушылық анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылатыны туралы ескертілді.
Сондықтан, тәуекелге бармай, ҰБТ-ны академиялық адалдықпен тапсыруға бар күш-жігерлерін салу керек екені баса айтылды.
Сонымен қатар, шығармашылық емтихан тапсыратын түлектер үшін қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы тағы да ақпарат берілді.
Қауіпсіздіктің (профилактикалық) алдын алуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
Мектеп оқушыларының имиджі Жаңа бағыттағы - Жаңа Қазақстанның жастарына сай болу керек.
Дата: 15.06.2022, 16:31 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі