ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ жадынамалар таратты

ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ жадынамалар таратты

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. 
Балалар өмірінің қауіпсіздігі үшін мектеп- лицейдің ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ жадынамалар таратты.
Білгеніміз жөн!
Өз қауіпсіздігің үшін мына ережелерді мықтап есте сақта!
Жүріп бара жатқан автобус не маршруттық таксиде барлық кезде тұтқадан ұстап тұр.
Ролик, велосипед және скейтборд тепкенде мұқият және абай бол.
Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.
Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт.
Жүріп бара жатқан көлік алдынан кесіп өтпе.
Жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама.
Егер жаяу жүргінші жүретін жол жоқ болса, онда көлік қозғалысына қарама- қарсы жолдың оң жағымен жүр.