«Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс – шара
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Балдәурен» жазғы – сауықтыру орталығының ашылуына арналған «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Іс – шара барысында өнерпаз балалар өнерлерін ұсынып, көңілді қимылды ойындар ойнады. Сонымен қатар, асфальтта суреттер салып, өз қиялдарын тамаша суреттер арқылы өрнектеді. Мерекелік шарада «Парасат» әжелер – аналар мектебінің атынан әже -Құрманбекова Қауаш Майлыбайқызы ақ батасын беріп, ұстаздар қауымы қазақтың дәмі – бауырсақ қойылған ақ дастархан жайып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
Барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!