"Бастау" XV Республикалық математикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңі

2022 жылдың 28-мамыры күні Қарағанды облысының білім басқармасы және "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру АҒПО орталығы "Балалар жылы " аясында 2-4-сынып оқушылары арасында "Бастау" XV Республикалық математикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңін өткізді. Математикалық-логикалық бағыттағы бәйгеге 40 команда қатысты.
Турнирге қатысушылар "Ау,баста!" ,"Асық","Математикалық бәйге" турларында тапсырма орындады.
Мектеп-лицейімізден облыстық кезеңге 2-4-сыныптар арасынан жүзден-жүйрік
2"В"сынып оқушысы Жарылқаған Санжар,жетекшісі: Сатыбалдина Г.Х ,
3"Ә" сынып оқушысы Өмірғалы Нұрәлі, жетекшісі: Сейткалиева С.Н.,
4 "В" сынып оқушысы Амирханова Рамина,жетекшісі: Тергеубаева К.А. қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің мектеп-лицей оқушылары жүлделі 2-орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 
Турнир аясында бастауыш сынып мұғалімдері "Зерделі"оқыту орталығының басшысы Мәуіт Ырысбек мырза өткізген математика және логика есептерін шығару тәсілдерін оқыту- шеберлігіне Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна белсене қатысып,сертификатпен марапатталды.