"Өмірлік дағдылар" атты қалалық ата-аналар форумы
28 мамыр 2022 күні «Баллар жылы» аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де "Өмірлік дағдылар" атты қалалық ата-аналар форумы өткізілді.
Форумның мақсаты: білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім беру ұйымдары мен ата-аналар қауымдастығы арасында ашық диалог үшін жағдай жасау.
Форумның негізгі қатысушылар категориясы: ата-аналар, Аналар мектебі, Әкелер мектебі, жоғары сынып оқушылары, білім беру ұйымының әлеуметтік-психологиялық қызметінің үйлетіруші әдіскерлері, мұғалімдер.
Іс-шара 4 секциялық бағыттар бойынша шеберлік сыныптар, психологиялық тренингтер, ашық ауада спорттық жарыстар, ашық алаңдар аясында ұйымдастырылды.
Форумға шақырылған қонақтар:
Жаксылыкова С.Ж. – Балқаш қаласы әкімінің орынбасары;
Аларин О. А. – Балқаш қалалық мәслихатының депутаты;
Сыздыкова Ш.Р. – Балқаш қалалық Аналар кеңесінің төрағасы, ұлағатты ұстаз, білім беру саласының ардагері;
Огаренко Т. Т. - ұлағатты ұстаз, білім беру саласының ардагері;
Форум соңынан ата-аналар бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілік танытып, білім саласына қосқан үлесі үшін Балқаш қаласы әкімінің орынбасары С.Жақсылықованың алғыс хатымен марапаталды.