"Туризм - кәдесыйлар өндірісі бағытындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қала имиджін көтерудің кепілі" атты қалалық семинар

18.05 күні "Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі" КМҚК ұйымдастыруымен "Туризм - кәдесыйлар өндірісі бағытындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қала имиджін көтерудің кепілі" атты қалалық семинар өтті.
Семинарға мектеп-лицейіміздің 7 "В" сынып оқушылары Айтқазы Даяна мен Габдулманат Мирас қатысып, мектеп-лицей оқушыларының шиден, моншақтан жасалған туындыларымен көрермендерді таныстырды.