"Парасат" әжелер-аналар мектебінің отырысы

20.05 күні мектеп- лицейдің "Парасат" әжелер-аналар мектебінің отырысы болып өтті.
Отырыс барысында мектеп- лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы отбасы құндылықтары мен тәлім-тәрбие мәселелеріне айрықша тоқталды.
Мектеп- лицей психологы А.Ғ. Тлеуберлина мектеп- лицейдегі психологиялық қызмет жайлы таныстырды.
Әлеуметтік педагог М.Б Исаинова "Жазғы қауіпсіздік" туралы айтып өтті.
Отырыс мектеп- лицей өміріне біте байланысып, " Үштік Одақ" ынтымақтастығын нығайтып жүрген бірқатар аналарға алғыс хаттар табысталып, марапаттаумен қорытындыланды.