Размер шрифта:

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына
ПІКІР
Еліміз Тәуелсіздік алғалы қыруар істер атқарып, жетістіктерге жетті. Десек те, көңілдерге кірбің келтірер шақтардың болғаны да жалған емес. Қандай уақыт болса да, Президентіміз халқымен бірге болып, барлығын ой таразысына салып, оң шешімдер қабылдай білді. Бүгін  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауын жариялады. 
Президент сөз басында еліміздегі соңғы уақыттардағы заңсыз әрекеттер, еліне деген опасыздық жасаушылардың бейбіт халықтың шырқын бұзғандары туралы күйіне айтып өтті. Осындай сын сағаттарда татулық пен тыныштықтың қадірін сезіне біліп және де береке- бірлігіміздің, оң бағыттарымыздың  арқасында келеңсіз сәттерді жеңе білдік, -деді. 
Президент жолдауындағы айтылған барлық мәселелер халықтың ішкі тынысымен үндесіп шыққандығы көрінді. Айтар болсақ, 
Құқық қорғау институттарын күшейту. Ата Заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын қарайтын орган керектігі. Оған кез – келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Осыған орай елімізде Конституциялық сот құрылуын ұсынды. Бұл - құқықтық мемлекет құру жолындағы басты қадам -, деді.
Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Ол құжаттың ең алдымен қоғамның қажеттілігіне сұранысына негізделгенін айтты. Біріншіден, Президенттің жақын туыстары саяси қызметке тұруына тыйым салынады және ол Конституцияда жазылатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, ішкі инфрақұралымы тозып, тоқырап тұрған өңірлердің облысын құруды ұсынды. Яғни, Семей аймағында Абай облысын құру, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру, Алматы облысының орталығы Қапшағай, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанға орналаспақ.  Өңірлерді қазақиландырып, атауларын жаңарту – ұлттық серпілісіміздің бірі деп білеміз.  Жер атауларын ұлт құндылығына, тарихи маңыздылығына сай өзгеріс жасауда үлкен мән жатқанын түсінеміз.
 «Өткеннен тағлым алып, болашаққа қадам басамыз» деп мықты патриоттық рухпен сөзін түйіндеді.
Президент сөзінің соңында «Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан құндылық жоқ. Мені ең алдымен толғандыратын халқымның болашағы»- деп  Жаңа Қазақстанды құруға халықты  қолдау мен бірлік – берекеге шақырды. 
Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Қоғам мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекеттер мен жоспарларды барлық қауым ерекше ықыласпен қабылдады.
Бүгінгі ұрпақ ертеңгі күнге сеніммен қарайтындай,  Жаңа Қазақстанды құрудағы түбегейлі жаңғыруға адал қадам басайық!
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ ұжымы