Размер шрифта:

"Балалар, назар аударыңыздар!" атты жедел- профилактикалық іс-шара

12.05.2022 ж
Қарағанды облысы аумағында 2022 ж. 25 сәуір - 20 мамыр аралығында жолда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Балалар, назар аударыңыздар!" атты жедел- профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Осы іс-шара аясында қаламызда Балқаш қаласының полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін" сақтау бойынша акция өткізілді.
Мектеп-лицейіміздің 6 сынып оқушыларынан құралған ЮИД тобы флешмобқа қатысып, іс-шараға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, нәтижесінде 6"Ә" сынып оқушысы Сламова Нұрай сыйлыққа ие болды.