"Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер"

Ұлы Жеңістің 77жылдығы қарсаңында тыл ардагері, белгілі өлкетанушы, Журналистер одағының мүшесі, шежіреші, тарихшы Күләш Ыбыжанқызымен мектеп-лицейіміздің 10 сынып оқушылары барып кездесіп, арнайы құттықтады.
Оқушылар ардақты ардагер анаға құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
"Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер" дегендей, қазыналы Әз-Ананың ақ батасын алып қайтты.