«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты іс- шара
Мектеп - лицейдің бастауыш сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты іс- шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, жолда жүру ережелерін біліп қана қоймай оны орындау қажеттігін оқушыларға үйрету.
Балқаш қаласының ювеналдық Полиция тобының участкелік полиция инспекторы, полиция капитаны Анар Кожановна оқушыларға көшеде арнайы ақ жолақтан өту, жол қиылысында абай болу керектігін түсіндірді.Көшеде, жолда доп ойнауға болмайтындығы ескертілді.
Дата: 17.05.2022, 9:54 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі