"Ұлтқа қызмет " деректі-көркем драмасы

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен Балқаш қаласының М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында Алаш зиялыларын ұлықтаған "Ұлтқа қызмет " деректі-көркем драмасы қойылды.
Әлихан Бөкейханов бастаған қайраткерлердің азаттық жолындағы арпалысы, ауыр тағдыры суреттелген тарихи әсерлі спектакль ретінде есте қалды. Ұлттық рухымызды күшейтіп, ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ерлік пен елдікті танытатын тамаша туынды болып табылады. Арыстар рухына бас иіп, тағзым ету - басты парызымыз!
Мектеп-лицей ұжымы, оқушылары, ата-аналары қойылымды тамашалап, керемет әсерлерімен бөлісіп, өз құнды пікірлерін қалдырды. Болашақта осындай драмалық қойылымдардың жиі ұйымдастырылып тұруын алға тартты.