«М.Әуезов-ұлы суреткер» атты қалалық сахналық қойылым байқауы
«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт
бөлімі» ММ, «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ ұйымдастыруымен қазақтың ұлы жазушысы Мухтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай, «М.Әуезов-ұлы суреткер» атты қалалық сахналық қойылым байқауы өтті.
Қоғамның және оқушылардың Мухтар Әуезовтың шығармашылығына деген
ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру, баға жетпес ұлттық мұрасы
арқылы халықтың рухани деңгейін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауда мектеп-лицейіміздің оқушылары Мұхтар Әуезовтың" Абай жолы" шығармасынан үзінді қойылым ұсынып, III ОРЫН ДИПЛОМЫМЕН марапатталып қайтты.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дата: 16.05.2022, 16:14 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі