Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңына сәйкес әр бала денсаулығын, өмір сүруін, демалуын және бос уақытын қорғауға құқығы бар.
Қарағанды облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өз өкілеттілігінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша функцияларды орындайды. Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңына сәйкес әр бала денсаулығын, өмір сүруін, демалуын және бос уақытын қорғауға құқығы бар.
Соңғы кездері облыста балалардың ашық терезелерден құлап кету оқиғалары тіркелуде. Бұл фактілер балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруының нәтижесі. Департамент біздің облысымыздағы осындай жағдайларға алаңдаулы. Осыған байланысты біз ата-аналарға жүгінеміз:
- кішкентай балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмаңыз;
- бала терезеге шыға алмайтындай етіп, барлық жиһаздарды терезеден алыс орналастырыңыз;
- москит торларын қауіпсіз деп санамаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаға терезені бірнеше сантиметрге ғана ашуға мүмкіндік беретін арнайы фиксатор салыңыз;
- терезелерге немесе терезе саңылауларына торлар қойыңыз;
- терезе ашық болғанда балалардың іс-әрекеттері жөнінде балалармен әңгімелесулержүргізіңіз;
- егер бекіту құрылғысын немесе торды орнатуға мүмкін болмаса, қажеттілігіне қарай, терезе тұтқасын бұрап алыңыз.