«Даналықтың бейсенбісінің»

«Даналықтың бейсенбісінің»

14.04.2022жылы «Даналықтың бейсенбісінің» қадірлі қонағы қазыналы әз ана,  Қазақстан Республикасының мәдениет ісінің үздігі, өлкетанушы,тарихшы, Қазақстан Республикасының журналистер Одағының мүшесі Сардарбек Күләш Ыбыжанқызымен  «Өлке тарихының шырақшысы» тақырыбында  4 «А», 7 «Б» «Тоқырауын» шаңырақ топтары кездесу өткізді.
Мақсаты: "Өнегелі өмір" жобасы аясында аймағымызға танымал, ерекше еңбегімен еленген тұлғаларды жас ұрпаққа дәріптеу;
ұлттық құндылықтарды бойларына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
   Кездесу барысында оқушылар қадірлі қонаққа сұрақтар қойып,өздеріне қажетті ақпараттар алып, ой бөлісті.Тағылымы мол кездесуден оқушылар үлкен әсер алып, өздерінің өнерлерін көрсетті.