«Шоқжұлдыз XIV» балалар шығармашылық фестивалі

«Шоқжұлдыз XIV» балалар шығармашылық фестивалі

09.04.2022 күні дәстүрлі мектеп-лицейішілік «Шоқжұлдыз XIV» балалар шығармашылық фестивалі Қазақстанның халық әртісі, бұлбұл үнді, халықтың қаһарман қызы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына және «Балалар жылы» құрметіне арналып, 1-9 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Фестивальдің мақсаты: оқушыларға Роза Бағланованың мәдени мұрасын насихаттау, қазақ ән өнерінің сандуғашын үлгі ету, жасөспірімдердің өнерлерін шыңдау, мектеп кезеңінде ұмытылмас естелік қалдыру, ата-аналармен жұмысты жандандыру.
Қатысушылар өнерлерін ата-аналарымен көрсетті. Жас өнерпаздар Роза Бағланованың репертуарынан әндер шырқалып, әр түрлі аспаптармен күйлер орындалды.
Фестивальге 30 оқушы қатысты. Фестивальде әнді көрерменге жеткізе білу деңгейі, тақырып бойынша ән таңдауы, сахна мәдениетін сақтауына баса назар аударылды.
Нәтижесінде жүлделі орындарды
Вокал жанры бойынша Бас жүлде 8 «А» сынып оқушылары Ұзақбай Айару, Абасбек Айгерім
І орын 6 «В» сынып оқушысы Садуакасова Томирис
І орын 4 «В» сынып оқушылары Абдиманат Мариям, Жунусова Саида, Тюлекперген Азиза
ІІ орын 7 "В" сынып оқушысы Мұстафа Нұрай
ІІІ орын 3 «Ә» сынып оқушылары Тұяқ Нұрсұлтан, Өмірғалы Нұрәлі
Би жанры бойынша
І орын 1 «Ә» сынып оқушысы Арманқызы Малика
ІІ орын 3 «Ә», 3«В» сынып оқушылары Алимжанова Шырай, Манатбек Айбибі
ІІІ орын 2 «Ә» сынып оқушысы Төлеухан Фатима

І орын 6 «Б» сынып оқушысы Абдирова Амина
ІІ орын 4 «Б» сынып оқушылары Күмісханов Аңсар, Күмісханов Іңкәр
ІІІ орын 8 «А» сынып оқушысы Омарбеков Темірлан
Көркем сөз жанры бойынша
І орын 3 «В» сынып оқушысы Серікпай Аяла анасымен
ІІ орын 6 «Ә» сынып оқушысы Тулютаева Камила иеленді.
Алғыс хатпен марапатталған оқушылар:
2 «Г» сынып оқушылары Болат Еркеназ, Халықберген Айзере, Тұрғанбай Аяулым
3 «А» сынып оқушысы Кендебай Кәусар
3 «Ә» сынып оқушыларының «Іңкәрім-ай» би тобы
4 «А», 4 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Алтынай» би тобы
4 «В» сынып оқушыларынан құралған бишілер тобы
5 «Б» сынып оқушыларының «Айналайын» вокал тобы
5 «В» сынып оқушылары Айтқазы Айару, Қоңырбай Еркежан
6 сынып оқушылары «Аңсаған» ансамблі
Құттықтаймыз!