Размер шрифта:

«Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие қағидалары»

«Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие қағидалары»

«Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие қағидалары» тақырыбында БАСШЫ САҒАТЫ өткізілді.
2021–2022 оқу жылының оқу – тәрбие үрдісі.
Басшы сағатына мектеп – лицейдің қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар қауымдастығы қатысты.
Мектеп-лицей директорының кәсіби білім беру жөніндегі орынбасары Мағза Б.Б қазіргі заман талабына сай білім алушылардың бәсекеге қабылеттілігін арттыруда мамандықтар мен кәсіптерге бағдарлау бойынша түсіндірді. Мектеп-лицей психологы Тлеуберлина А.Ғ мен Сәулебек М.С ата- аналармен тренинг өткізді.
Бұдан кейін мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы күн тәртібіндегі келесі мәселелерге жеке – жеке тоқталып, мектеп-лицей оқушыларының білім мен тәрбие негізінде болашақтың қалаушысы, ұлтын сүйер рухты болып өсу жолында «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығының ролі орасан зор екендігін баса айтты.
Басшы сағаты соңында ата-аналар стикерлерге жазба арқылы өз тілек, ұсыныстарын қалдырды.