Размер шрифта:

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 156 жылдығына және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған онкүндіктің салтанатты саптық жиынының жабылуы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 156 жылдығына және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған онкүндіктің салтанатты саптық жиынының жабылуы
05.03.2022 күні «Алаш» қозғалысының көсемі, сындарлы саясаткер, көп тілді публицист, қазақтың тұңғыш энциклопедисті, этнограф, экономист, тұңғыш Абайтанушы, көркем аудармашы, тарихшы, географ, ұлттық руханияттың асыл қазынасы - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 156 жылдығына және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған онкүндіктің салтанатты саптық жиынының жабылуы онлайн форматта өткізілді.
Қорытынды жиын барысында апта бойы өткізілген іс-шаралар сараланып айтылды.
Онкүндіктің аясында:
«СКТ –сапалы білім берудің тиімді жолы» - тіл білімі маманы, ғалым,профессор «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Оразаханова Нұрша Алжанбайқызымен мектеп-лицейі мұғалімдерімен кездесу;
Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және ұлт тарихындағы дара тұлға, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың 156 жылдығына орай мектеп-лицейімізде онкүндік аясында «ТАРИХТЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАСАЙДЫ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Смағұлов Жандос Қожахметұлы - әдебиеттанушы ғалым,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі.
Тағылымды дәріс беруге арнайы шақырылған ғалым-оқытушылар:
Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы - филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Болашақ» академиясының «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі. БАҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллаевна қатысты.
Алғыс білдіреміз!
Сонымен қатар сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттары өткізілді.
Әлихан Бөкейханның туғанына 156 жылдығына арналған онкүндік аясында «Әлихан» музейінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Музейдің ашылу салтанаты екі бөлімнен тұрды:
І бөлім: «Әлихан Бөкейхан қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» тақырыбында музей сағаты;
ІІ бөлім: Қарағанды облысы «Әлихан мектептері» альянстары арасында алғаш рет және дәстүрге айналдыру мақсатында өткізгелі отырған «ALIKHAN ALLIANCE CUP – I» аймақтық пікірсайыс турнирі.
Ұлттық руханияттың асыл қазынасы - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 156 жылдығына және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған онкүндігіне белсенді қатысқан мектеп-лицей ұстаздарына, оқушыларына алғыс білдіреміз!