НАУРЫЗДЫҢ ӘР КҮНІ - МӘНДІ МЕРЕКЕ.

 НАУРЫЗДЫҢ ӘР КҮНІ - МӘНДІ МЕРЕКЕ.

 НАУРЫЗДЫҢ ӘР КҮНІ - МӘНДІ МЕРЕКЕ.
15 НАУРЫЗ - ОТБАСЫ КҮНІ
Бұл күні мектеп - лицейдің 3"А", 3"Ә", 5"В"сыныптарында "Әжелер сөзі-тәрбие көзі" атты танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу; Әжелер тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану; оқушыларды кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Танымдық сағаттың ардақты да аяулы қонақтары Қауаш Құрманбай, Қорлығайын Даримбекова, Рысты Тлеуберлина , Гульшахар Айтимбетова сынды ақ жаулықты асыл әжелеріміз болды. Әжелеріміз оқушыларды үлгі - өнегелерімен сусындатып, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, мейірімдерін төгілтіп қайтты. Оқушылар сұрақтарын қойып, тілектерін айтты. Танымдық сағат тартымдылығымен оқушылар жүректеріне жылулық сыйлады. Әжелерінің батасын алып, отбасының қазынасы әжелер екенін түсіне білді.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!