«Дарабоз» дәстүрлі этно-ұлттық сайысы

«Дарабоз» дәстүрлі этно-ұлттық сайысы

17.03.2022 күні мектепалды даярлық сыныптарының ұл балалар арасында «Дарабоз» дәстүрлі этно-ұлттық сайысы өтті
Мақсаты: Ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, Отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін, ұлттық құндылықтарды өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру.
Сайыс талабы төмендегідей бес кезеңнен тұрды.
1.кезең: "Тегін білу, тектілік". (таныстыру)
2.кезең: " Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық. ..". ( Өнер сайысы)
3.кезең: Маржан сөз ( Бұл кезең әкелерге, мақал-мәтелді жалғастыр)
4. кезең: "Шебер қолдар". (үй тапсырмасы.)
5.кезең: " Күш сынасу". (қол күрес)
 Сайыскерлер:
1. Кәкібай отбасы. Зухурнаев Дархан Какваевич, Кәкібай Мансүр Дарханұлы "Дарабоз" номинациясымен марапатталды
2. Джанысовтар отбасы. Абдиев Сундет Серік Асылжан "Тілге шешен" номинациясымен марапатталды
3. Есембековтар отбасы. Есембеков Қабдырахман Мұқажанұлы. Қабдырахман Уәлихан Қуанышбекұлы, "Өнерлі жігіт" номинациясымен марапатталды
4. Шагировтар отбасы. Бақытжан Мейірлан, Бақытжан Дінмұхаммед "Жүзден жүйрік" номинациясымен марапатталды