«Тұңғыш қазақ гимназиясының ашылуына – 30 жыл» мерейтойы

«Тұңғыш қазақ гимназиясының ашылуына – 30 жыл» мерейтойы

05.03.2022 күні Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «Әлихан Бөкейхан – Алаш азаттық қозғалысының көсемі» атты ІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы және «Тұңғыш қазақ гимназиясының ашылуына – 30 жыл» мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Конференцияға әлихантанушы ғалымдар, жас зерттеушілер және мұғалімдер қатысты.
Конференцияның мақсаты: XX ғасыр басындағы Алаш зиялыларының азаттық күресінің ұлттық ерекшелігін ашу және оның тәрбиелік мәнін дәріптеу.
«Әлихан мектептерінің альянсы» қауымдастығы аясында мектеп-лицейімізден аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға және мерейтойға қатысып, құттықтау үшін арнайы делегация барды.
Мектеп-лицейіміздің қоғамдық-гуманитарлық кафедра мұғалімдері және оқушылары конференцияға онлайн форматта қатысып, тағылымды әсер алды.
Мектеп-лицей директоры К.Ш. Дубирбекова «Алаш қағидаты - Тәуелсіздік идеясы: ұстаным бірлігі және тарихи сабақтастық» атты мақаласын оқып, I орынды иеленді.
Делегация мүшелері – директордың кәсіби білім беру жөніндегі орынбасары Б.Б. Мағза және ақпараттандыру жұмысы бойынша орынбасары С.С. Бейсембай секциялар отырысы жұмысында комиссия мүшелері ретінде төрелік етті.
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ директоры Б.К. Нашкенов мырза мектеп-лицей ұжымына арнайы Алғыс хат табыстады.
Аймақтық ғылыми-практикалық конференция және концерттік бағдарлама өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылар тарапына алғысымызды білдіреміз!