Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

Мектеп – лицейімізде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуға арналған іс- шаралар легі бастау алды.
Мақсаты:
Оқушыларға өздерінің білімі мен идеялары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде сақталуымен бірге өркендеуін ойластырған АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ өмірлерін, еңбектерін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Танымдық деңгейлерін дамыту.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өткелі отыр. Самұрықтай сайыпқыран тұлғасына «Маса» болуды қор санамай, қанатының шуылымен қазақты оятам деп жүріп оққа ұшқан асыл перзенттің тұлғасы заман өткен сайын заңғарға айналып барады.