Садвокасова Айгуль Тимуровна қала мектептерінің математиктерімен онлайн кездесу өткізді
2022 жылдың 19 ақпан күні «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысып келген мектеп-лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Садвокасова Айгуль Тимуровна қала мектептерінің математиктерімен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында республикалық математик ұстаздарының басын қосқан жиын екі кезең қамтығандығы туралы, 4 бағыт бойынша секциялық отырыстар және съез қорытындысы шығарылатын пленарлық отырыста қаралған сұрақтарға тоқталды.
Съез қорытындысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов білім сапасын арттыру үшін пәндерді оқытуда туындайтын маңызды мәселелерді көтеріп қана қоймай олардың шешімін табудың маңызды екенін айтты. Күрделі мәселе: бұл мектеп бағдарламасы, кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және мектеп оқулықтары», – деп атап өтті, математика пәнін оқыу бойынша мектеп бағдарламасын өзгерту жұмыстары басталып кетті. Топ құрылып, оған тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер мен жоғары мектеп өкілдері кірді. Жоспарда жаңартылған бағдарлама 2023 жылы пайда болады. «Әр мұғалім, сынып, мектеп ерекше. Тәжірибеге бағытталған тәсіл болуы керек», – деді.
Съезге Қарағанды облысының білім беру ұйымдары ұсынған әдістемелік материалдар, инновациялық технологиялардың көрмесі ұйымдастырылған.