"Отбасы банк" АҚ маманы, қаржы кеңесшісі - Жуматова Рауаш Алтаевнамен кездесу
18.02.2022 күні Қаржылық сауаттылық апталығы аясында "Қаржы әлемі" тақырыбында "Отбасы банк" АҚ маманы, қаржы кеңесшісі - Жуматова Рауаш Алтаевнамен кездесу өтті.
"Отбасы Банк" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк.
Кездесуге мектеп-лицейіміздің жас мамандары мен жас отбасылары қатысты.
Кездесу барысында Рауаш Алтайқызы педагогтерге қатысты жеңілдіктер, бағдарламалар туралы құнды ақпараттармен танысты. Жас мамандар өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап ала отырып, тұрғын үйлерге кезекке тұру арқылы үй алу мәселесі бойынша депозиттің сыйақы мөлшерлемесі, сыйақының тиімді мөлшерлемесі, жинақтың ең төменгі мерзімі және депозит ашу үшін алынатын комиссия жайлы мағлұматтар алды.
Дата: 15.03.2022, 16:01 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі