"Ақшаны дұрыс санауды үйрену"
18.02.2022 күні "Қаржы әлемі" қаржылық сауаттылық апталығы аясында "Қаржылық жоспарлау: "Ақшаны дұрыс санауды үйрену" тықырыбында, мектеп-лицейіміздің түлегі , автокөлік жуу орталығының басшысы - Орынбаев Мейірім Мерекеұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: кәсіпкерлік ойлауды дамыту арқылы оқушылардың қаржылық мәдениет пен жеке қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Мейірім Мерекеұлымен кездесу барысында сүбелі сұхбат жүргізіліп, оқушылар қаржыны үнемдеу, қаржыны тиімді басқару мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алып, инсайт ақпараттар берді. Мейірім оқушыларға өз ұсынысын білдірді, яғни ақша жинау жолында алдыға нақты мақсат қойып, міндеттерді іске асыру барысында контент-планмен жұмыс істеудің маңыздылығын, кез келген жұмысты жазып түртіп алу керектігін баса айтты