ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЙСЕНБІСІ

ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЙСЕНБІСІ

17.02.2022 күні «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында кезекті ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЙСЕНБІСІ өтті.
Тақырыбы: Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарасы
Спикер: Педагогика ғылымдарының магистрі Қарлығаш Шәкәрімқызы.
Қатысушылар категориясы: 7 сынып оқушылары
Бүгінгі ашық алаңда Қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт - азаттық қозғалысының негізін салушы, көсемі, халқымыздың тұнғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, дарынды публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның халқы үшін, жарқын болашағы үшін аянбай кызмет еткендігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кері байланыс кезінде оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ұсыныстарын білдірді.