«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында дәріс
16.02.2022 ж.күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы 9-11 сыныптың оқушыларына дәріс өткізді.
Дәріс жүргізу барысында жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ғаламтор желілерін дұрыс қолдану, электронды темекінің зиянды жақтары және оны қолданбау қажеттігін бірнеше мысалдармен жеткізді.
Мектептің ішкі тәртіп талаптарын орындау, яғни оқушылардың сабаққа еш себепсіз кешікпей келуін, сырт келбеттерін оқушыға лайықты ұстауын айтып өтті.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көрсетілген баптармен таныстырып, ақпарат берді.
442-бап. Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында не үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрмеу;
293-бап. Бұзақылық.
188-бап. Ұрлық.
81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны, т.б. баптарға тоқталып өтті.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Барлық санитарлық талаптар сақталды.