Размер шрифта:

«ТАРИХТЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАСАЙДЫ» атты дөңгелек үстел

 «ТАРИХТЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАСАЙДЫ» атты  дөңгелек үстел

2022 жылдың 1 наурызында Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және ұлт тарихындағы дара тұлға, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың  156 жылдығына орай мектеп-лицейімізде онкүндік  аясында «ТАРИХТЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАСАЙДЫ» атты  дөңгелек үстел өтті. 
Мақсаты: 
Ел тарихындағы белгілі тұлғалардың тарихи рөлі, ел келешегі үшін  қосқан үлестерін  насихаттау. Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының  қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбектері туралы пікір алмасу.
Іс- шараға тағылымды дәріс беруге арнайы  ғалым-оқытушылар шақырылды:
Смағұлов Жандос Қожахметұлы  - әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі.
Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы- филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Болашақ» академиясының «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі
Смағұлова Ғазиза  Ғаболлаевна -БАҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Іс - шара барысында бар саналы ғұмырын қазақ қоғамында, білім мен ғылымның дамуына арнаған ұлтымыздың ұлы тұлғалары: Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың  өнегелі өмірінен тағылымды ойлар, тұжырымды жауаптар беріліп, көпшіліктің көкейіне із қалдырды.