«ALIKHAN ALLIANCE CUP-I» аймақтық пікірсайыс турнирі

«ALIKHAN ALLIANCE CUP-I» аймақтық пікірсайыс турнирі

03.03.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейханның 156 жылдығына арналған онкүндігі аясында «Әлихан мектептері Альянсы» арасында бірінші дәстүрлі  «ALIKHAN ALLIANCE CUP-I» аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты: 
Әлихан мектептері альянсы» оқушыларының арасында пікірсайыс (дебат) қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау. 
Міндеттері:
Жастар арасында сыни ойлау тұрғысын, шешендік сөз, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамыту;
Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
Белсенді жастарды қоғамдық қызметке теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау;
Жастардың мәдени дамуын ынталандыру және рухани құндылықтарын нығайту;
Пікірсайыс турнирін ұйымдастыру арқылы Әлихан Бөкейханның танымы мол, тағылымы терең ойларын, берер ғибратын тәуелсіз ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырту. 
Қатысушы командалар: 
-   Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін мектебінің «Нұрлы жол» фракциясы; 
-  Шахтинск қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің «Шапағат» фракциясы;
-  Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кенті, Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің «Алаш» фракциясы;
-  Теміртау қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясының «Реалистер» фракциясы.
Турнир барысында ойнатылған қарарлар:
-Б.П. алдымен білім емес, рухани тәрбие болуы керек деп есептейді; 
-Б.П. тойшыл халық ойшыл болмайды деп есептейді;
Пікірсайысшылар арасында бәсекелестік рухы сақталды.