«Әлихан» музейінің ашылу салтанаты

«Әлихан» музейінің ашылу салтанаты

2022 жылдың 3 наурызы күні мектеп-лицейімізде Әлихан Бөкейханның туғанына 156 жылдығына арналған онкүндік аясында «Әлихан» музейінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Музейдің ашылуына құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, ардагер ұстаздары: Балғын Беқтайқызы, Несіпқайша Ғалымжанқызы , Сақып Усенбекқызы, Мадияр Асқарұлы, Гүлшара Әлімханқызы, Нестай Қалиқызы және Әлихан Бөкейхан ұрпағы қаламыздың Әл-Фараби атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құралай Маратқызы, Балқаш қаласы тарихи-өлкетану музейінің аға қызметкері Дәулет Асанханұлы шақырылды.

Сонымен қатар, онлайн форматта арнайы шақырылған қонақтар Республикалық және Қарағанды облысы «Әлихан мектептері» альянсына мүше мектептерден, қаламыздың білім беру мекемелері, Қарағанды және Нұрсұлтан қалаларынан профессор, оқытушы ғалымдар,Әлихантанушылар , еліміздің білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосқан ардагер, ғалым, оқытушы, тәлімгер ұстаздар қатысты:
Қонтаев Сәбит Сейтұлы;
Нұрсахан Ахметқызы;
Тілеуғалы Әміртайұлы;
Ғазиза Ғабдоллақызы;
Тұңғышбай Мұқанов;
Өскенбаев Қанат Сәдуақасұлы;
Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының және Евразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Балабеков Қаныш Амандолович;
Евразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Қурымбаев Қайрат Ғаниевич;
Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы Агдарбекова Гүлмира Женисбековна.
«Әлихан» музейінің ашылу салтанаты рәсімін Балқаш қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі,жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуші, мектеп-лицейімізде гобилен шеберханасның жетекшісі Әбеуов Өміргелді Мұхтарұлы мен мектеп-лицейіміздің парламентінің және өзін-өзі басқару ұйымының президенті, «Әлихан қоғамдық қорының» төс белгісі иегері, «Жас Әлихантанушы», 9 «А» сынып оқушысы Ибраймов Алиханға берілді.

Музейдің ашылу салтанатты екі кезеңнен тұрды:
І бөлім: «Әлихан Бөкейхан қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» тақырыбында музей сағаты;
ІІ бөлім: Қарағанды облысы «Әлихан мектептері» альянстары арасында алғаш рет және дәстүрге айналдыру мақсатында өткізгелі отырған «ALIKHAN ALLIANCE CUP – I» аймақтық пікірсайыс турнирі.
Ашылу салтанатында құттықтау сөз Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының директоры, әдіскер, тәлімгер, ұлағатты ұстаз Бахытгүл Хималдинқызына және Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, «Әлихан мектептері» альянсының кеңесшісі Нұрсахан Ахметқызына берілді.
«Әлихан Бөкейхан қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» тақырыбындағы тарихи-тағылымдық музей сағатын гуманитарлық ғылымдар магистрі Бейсембек Сұңғат Сағынайұлы жүргізді. Кері байланыс AIV қауымдастығының профессоры, т.ғ.к., Әлімхантанушы Өскенбаев Қанат Сәдуақасұлы өз ұсынысын білдірді. Музей сабағымызды түйіндеу үшін сөз Әлихан Бөкейхан ұрпағы Құралай Маратқызына және Балқаш қаласы білім бөлімі әдіскері, мектеп-лицей кураторы Кулаш Қайыркенқызына берілді.
Мектеп-лицейіміздің директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы қорытынды сөз сөйлеп, бүгінгі күннің іс-шараларымен таныстырды.