"Қыздар сұлу көрінер қылығымен" атты тағылымды кездесу
Мектеп - лицейде "Қыз Жібек" қыздар клубының жетекшісі Алғадаева Ғайша Сергалиевнаның ұйымдастыруымен кезекті "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" атты тағылымды кездесу болып өтті. Кездесуге арнайы қонағымыз мектеп - лицейдің ардагер ұстазы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Несіпғайша Ғылымжанқызы мен 9-сынып қыз балалары қатысты.
Қыз бала-халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы екендігін, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берілгендігін ұлағатты ұстаз Несіпғайша Ғылымжанқызы керемет кеңестерімен жеткізе білді.
Ардагер ұстаз оқушылардың сауалына жауап бере отырып, әдептілік, инабаттылық, шынайылық жайлы ойымен бөлісті.
Өзін-өзі тану=өзін-өзі тәрбиелеу формуласын әрқайсымыздың жүзеге асыруымыз керектігін айтты.
Бүгінгі таңдағы қыз бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді қозғап, сұрақ қойған 9"В"сынып оқушысы Сабинаға өзінің ала келген кітабын сыйлады.
Кездесу өте қызықты, тартымды өтті. Кездесу қонағы Несіпғайша Ғылымжанқызына зор алғыс пен Файзулла Тайтелиевтің "Өмірдің үзік сырлары" кітабы табысталды.