«Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ құралдарында насихаттау және ақпараттық қолдау көрсету»
09.02.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ құралдарында насихаттау және ақпараттық қолдау көрсету» медиа-жоспарына сәйкес, «Латын әліпбиі – болашақтың бастауы» тақырыбында «Әлихан мұрагерлері» пікірсайыс клубының аға буыны, 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Линкольн-Дуглас (ЛД) форматындағы мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты: Оқушылаға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Ойын тәртібінде келесі резолюциялар қарастырылды:
- Бұл кандидат латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі деп есептейді;
- Бұл кандидат латын әліпбиіне көшу - XXI ғасыр талабы деп есептейді.
ЛД форматындағы турнирге «Әлихан мұрагерлері» пікірсайыс клубының аға буын өкілдері белсене қатысты:
Абылкаирова Жанель 10 «а» сыныбы;
Тұяқ Ақерке 10 «а» сыныбы;
Калык Жанерке 10 «а» сыныбы;
Кошанова Айымжан 11 «ә» сыныбы.
Екі раундқа жалғасқан, ЛД форматындағы ойындар нәтижесінде:
11 «ә» сынып оқушысы Кошанова Айымжан жоғары «Үздік спикер» номинациясын иеленді.
Линкольн-Дуглас (ЛД) – 1858 жылы АҚШ-тың Иллинойс штатында президенттікке үміткерлер - Авраам Линкольн мен Стивен Дугластын арасында болған пікірсайыстардың құрметіне аталған дебат форматы.