"Менің мектепке апаратын жолым қауіпсіз бе?"
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен ұйымдастырылған «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығының бірінші күні жоспарға сәйкес, мектеп - лицейдің 1-11 сыныптарында "Менің мектепке апаратын жолым қауіпсіз бе?" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды жол, көлік апаттарынан сақтандыру, жол ережесін қатаң сақтауға ықпал ету, жолда жүру ережесінің талап- тәртібін білу,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дата: 9.02.2022, 11:16 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі