«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинар

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинар

04.02.2022 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинарда «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Башарова Гульнар Тайкеновна «Кітапхана - ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында облыстық деңгейде іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты.
Вебинардың ашылу салтанатында мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы алғы сөз сөйледі.
Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, ой-өрісін дамытуда ұлы тәрбие құралы - кітап екенін түсіндіру міндеттерін іске асыру барысында «Оқуға құштар мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп-лишейімізде «20 минут кітап оқу» сағаты жұмыстарының жүйелі жүргізілуі жөнінде өз тәжірибемен бөлісіп, оқушылардың кітап оқуға құштарлығын оятуда дәстүрлі "Оқитын отбасы" байқауы,«Мектеп-оқушы-ата-ана» үштік одақтың жұмысың нәтижесін бейнероликпен көрсетілді. Вебинар барысында кітапхана кеңесі мүшелерімен топтық жұмыс ұйымдастырылды.
Білім мен тәрбиенің тірегі-ұстаз. Оқушыларды оқу сауаттылығын арттырудада педагогтердің орны ерекше.
Осы орайда вебинар тыңдаушыларын Jamboard тақтасында жұмыс жасауға шақырды. Кері байланыс алаңын отырып «Мentimeter» платформасында ұйымдастырып, педагогтердің ұсыныс піріклерін алды.
Өз ұлтының көркем тілінің кәусарынан қанып ішкен ұл мен қыз шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн. Техниканың қарыштап тұрған заманында ата-ананың, оқушының кітап оқуға деген жағымды көзқарасын қалыптастыру бүгінгі күн талабы.
Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы кітап оқуды дәріптеп, жас ұрпақтың жарқын болашағына, кемел келешегіне жол ашып, болашақта кітаппен сусындап, әдеби шығармалардан нәр алатын оқитын отбасы көбейетініне сеніммен қарайық!