«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.
![«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.](/media/img/journal/61fac7453afcd.jpeg)
31.01.2022 күні «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен өткізілетін «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының ашылу салтанаты онлайн саптық жиын форматында өтті.
Мектеп-лицейіміздің жоғары санатты биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, жаратылыстану-математика кафедрасының жетекшісі Бақытқызы Перузия құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында IT ғылымдарының магистрі, роботехника және software саласы бойынша инженер Нұрланұлы Қасым цифрландырудың әлемдік ауқымдағы трендіне байланысты мазмұнды мәліметтермен бөлісті.
Апталық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары қатысушыларға таныстырылды.
![](http://ipic.su/img/img7/fs/WhatsAppImage2022-02-03at00.1643824904.jpg)
Дата: 3.02.2022, 0:18 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі