«Оқушының креативті ойлауын дамыту» атты математикалық сауаттылық олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілді.
26.01.2021 күні «Математика біздің айналымызда!» математикалық сауаттылық апталығы аясында 5-9 сынып оқушылары арасында «Оқушының креативті ойлауын дамыту» атты математикалық сауаттылық олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілді.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
Аталған іс-шараға мектеп-лицей шәкірттері белсене қатысты. Олимпиада нәтижелері апталық жабылу салтанатында таныстырылады.
Дата: 2.02.2022, 16:28 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі