"Жас математиктер" сурет байқауы өтті.
26.01.22 күні математика сауаттылық апталығы аясында 1-4 сынып оқушылары арасында Padlet тақтасында "Жас математиктер" сурет байқауы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Дарынды жастарды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.
Байқауға қатысушылар түрлі бояумен әсемделген суреттер салып қана қоймай, сол суреттер арқылы математикалық тапсырмалар да дайындады. Нәтижесінде оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Барлық қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз!
Дата: 2.02.2022, 16:23 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі